1936 жылы Сырдарияның батыс жағасындағы Балтакөл деп аталатын елдімекенде жеті жылдық мектепжайы салынып, оған «Ағарту» деген ат берілді. «Ағарту» мектебі кейінірек 1959 жылы №4 мектеп-интернатқа айналды.
1964-1967 жылдары Шопандардың балаларына арналған облыстан қаржыландырылатын бұл білім ордасын Рәзия Дүйменова басқарды. 1978 жылы Балтакөлдегі «Ағартудың» негізінде ұйымдастырылған №4 мектеп-интернат Шәуілдір кентіне көшірілді.
1967-1978 жылдары №4 мектеп- интернатты Баязитов Байқожа басқарды. Шаңырағын өзі көтерген ауданымыздағы алғашқы білім ордасын көп жыл бойы басқарған ұлтжанды ұстаз ерен еңбектерінің арқасында халықтан «Сыр бойының Алтынсарині» деген атағын алған екен.
Отырар ауданының алыс мал жайылымында тұратын шопандар мен диқандардың, облыс көлеміндегі тұл жетім балалар мен жартылай жетім балалардың білім ордасына айналған мектеп-интернат соңғы жылдары аудан орталығына арнайы салынған жаңа жайға көшірілген еді. Осы жылдары аралығында білім ордасын Башихов Хайрулла, Ыбыраев Иманқұл, Дүйменова Рәзия, Баязитов Байқожа басқарды.
1980-1987 жылдары мектеп-интернатты ауданымызға белгілі ұстаз, «Білім беру ісінің үздігі» Бисенгіров Асан басқарды.
1987-1988 жылдары партия, кеңес қызметкері Абдуалиев Дәулет №4 мектеп-интернатты басқарды.
1988-2005 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісіне еңбегі сіңген қызметкер», «Республикамыздың еңбек сіңген спорт қайраткері», «Отырар ауданының құрметті азаматы», Аудандық маслихаттың депутаты, халық қалаулысы Қазыхан Серікбайұлы басқарды. Білім саласында қызмет атқарған мерзімінің барлығында Қазыхан Серікбайұлы мектеп, білім саласының басшысы ретінде өзін тәжірибелі маман, білікті ұстаз ретінде көрсете білді. 1995 жылы №4 мектеп-интернат ұжымы Қазыхан Серікбайұлының басшылығымен Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің арнайы комиссиясы алдында ауданымызда тұңғыш рет «Лицей» статуысын абыроймен қорғады.
2005 жылдың ақпан айынан 2008 жылдың тамыз айына дейін Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат директоры болып Ж.Көлбай қызмет атқарды.
2008 жылдың тамызынан 2010 жылдың наурызына дейін Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат директоры болып А.Ордабаев тағайындалды.
2010-2012 жылдары Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатты П.Жаппарқұлов басқарды.
2012 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың желтоқсан айына дейін мектеп директоры болып А.Мәулен қызмет атқарды.
2013 жылдың желтоқсан айынан бастап аталған білім ордасын Әріпбеков Әділхан Әсілханұлы басқарып келеді.
Осы 2013-2020 оқу жылдары ішінде лицей-интернат мынадай жетістіктерге жетті.
2013-2014 оқу жылы
Мектеп жетістігі – Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының облыстық мектеп-интернаттар арасында Қазақстан – 2050 стратегиясы: «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты өнер фестивалінде Бас жүлде лауреаттық дипломы. ҰБТ көрсеткіші: оқушы саны – 32, орта балл – 65,07, грант иегері – 11. «Үздік аттестат» иегері – 1, Мәжит Нұрсұлтан.
2014-2015 оқу жылы
Мектеп жетістігі – Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының облыстық мектеп-интернаттар арасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ерлік даңқы – мәңгілік» атты өнер фестивалінде өнер шығармашылығын жоғары деңгейде насихаттағаны үшін Мадақтама. Оқушылар жетістігі – Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы оқушылардың пәндік олимпиадасың облыстық кезеңі: Қайбуллаева Меруерт қазақ тілі пәні бойынша Мадақтама жетекшісі Мамырайымова Ұлбала, Еркін Нұрдәулет ағылшын тілі пәні бойынша Мадақтама жетекшісі Нарымбетов Мақсат, Берістем Сайлау Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ дәрежелі Диплом жетекшісі Ахметова Қалзада, Есенәлиева Нұршаш география пәні бойынша ІІ дәрежелі Доплом жетекшісі Әбішева Клара. ҰБТ көрсеткіші: оқушы саны – 19, орта балл – 82,32, грант иегері – 10.
2015-2016 оқу жылы
Мектеп жетістігі – Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының облыстық мектеп-интернаттар арасында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» атты өнер фестивалінде ІІ дәрежелі Диплом. Оқушылар жетістігі – Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы оқушылардың пәндік олимпиадасың облыстық кезеңі: Есенәлиев Нұрдәулет Қазақстан тарихы пәні бойынша Мадақтама жетекшісі Ахметова Қалзада, Қайбуллаева Меруерт қазақ тілі пәні бойынша Мадақтама жетекшісі Мамырайымова Ұлбала, Еркін Нұрдәулет ағылшын тілі пәні бойынша Мадақтама жетекшісі Нарымбетов Мақсат. ҰБТ көрсеткіші: оқушы саны – 45, орта балл – 87,11, грант иегері – 27. «Үздік аттестат» иегері – Қайбуллаева Меруерт, Асан Мәдина. «Алтын белгі» иегері – Сұлтан Әйгерім, Сансызбай Әбілқасым, Кенжехан Нұрерке, Уәлиханова Мәдина, Әлмахан Сымбат.
2016-2017 оқу жылы
Мектеп жетістігі – Аудан әкімінің 2017 жылғы 16 наурыздағы №34 өкіміне сәйкес Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей интернаты Отырар ауданының 2016 жылғы «Үздік мектебі» номинациясы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатына 2017 жылғы «Үздік Ресурстық орталық» сертификаты. Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының облыстық мектеп-интернаттар арасында «Білімді ел – Мәңгілік ел!» атты өнер фестивалінде Бас жүлде Дипломы. Оқушылар жетістігі – Дауылбай Ақерке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқушылардың ғылыми жоба жарысының қазақ тілі пәні бойынша І дәрежелі Дипломы жетекшісі Мамырайымова Ұлбала. Рүстемов Рахат еркін күрестен Өзбекстан Республикасы Ташкент қалалық мәдениет және дене шынықтыру комитетінің ІІІ дәрежелі Дипломы, жаттықтырушысы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алтынбеков Қуат. ҰБТ көрсеткіші: оқушы саны – 29, орта балл – 88,52, грант иегері – 21. «Алтын белгі» иегері – Есенәлиев Нұрдәулет, Ораз Гүлдана.
2017-2018 оқу жылы
Мектеп жетістігі – Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы, әдістемелік кабинетінің «Шағын жинақталған мектеп проблемаларын Ресурстық орталықтар арқылы шешу механизмдері» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарды жоғары деңгейде өткізгені үшін Мадақтама. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатына 2018 жылғы «Үздік Ресурстық орталық» сертификаты. Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының облыстық мектеп-интернаттар арасында «Туған жерге тағзым» атты өнер фестивалінде Бас жүлде Дипломы. Оқушылар жетістігі – Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы оқушылардың пәндік олимпиадасың облыстық кезеңі: Есенәлиева Нұршан география пәні бойынша ІІІ дәрежелі Диплом, Әбдіразақ Әбдінұр химия пәні бойынша ІІІ дәрежелі Диплом, Уәлихан Айзат биология пәні бойынша Алғыс хат, Әлімқұл Бекболат информатика пәні бойынша Алғыс хат. Рүстемов Рахат еркін күрестен Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының І дәрежелі Дипломы, жаттықтырушысы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алтынбеков Қуат. ҰБТ көрсеткіші: оқушы саны – 40, орта балл – 98,3, грант иегері – 33. «Алтын белгі» иегері – Ақмолда Жомарт, Әли Нұрила, Сұлтанова Жансезім, Жұмабекова Аружан, Әлшериева Фемида, Полатхан Айтолқын, Уәлихан Айзат.
2018-2019 оқу жылы
Мектеп жетістігі – Аудан әкімінің 2019 жылғы 18 наурыздағы №54 өкіміне сәйкес Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей интернаты Отырар ауданының 2018 жылғы «Үздік мектебі» номинациясы. Түркістан облысының білім басқармасының облыстық мектеп-интернаттар арасында «Жастар – мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы» атты өнер фестивалінде ІІІ дәрежелі Диплом. Оқушылар жетістігі – Түркістан облысы білім басқармасы өткізген оқушылардың пәндік олимпиадасың облыстық кезеңі: Әсілхан Арслан география пәні бойынша ІІ дәрежелі Дипломы, Избасхан Аида орыс тілі пәні бойынша ІІ дәрежелі Диплом, Тоқтамыс Асима орыс тілі пәні бойынша ІІ дәрежелі Диплом. Рүстемов Рахат еркін күрестен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің І дәрежелі Дипломы, жаттықтырушысы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алтынбеков Қуат.
ҰБТ көрсеткіші: оқушы саны – 49, орта балл – 90,8, грант иегері – 34. «Үздік аттестат» иегері – Ахмет Айдана, Есенәлиева Нұршаш, Қаныбек Айбек, Оразәлі Абылай, Тінейбек Дидар. «Алтын белгі» иегері – Бақытбекұлы Нұртілеу, Батырбек Аружан, Қайбуллаұлы Дамир, Қарсыбайқызы Аида, Қоқанбай Динара, Құрал Фариза, Маханбет Мұқасан, Раманқұлов Амандос, Сейсенбай Айдана.
2019-2020 оқу жылы
Мектеп жетістігі – Қазақстан Республиксы Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы өткізген «Үздік ресурстық орталық» атты республикалық конкурстың облыстық кезеңінде І дәрежелі Диплом, республикалық кезеңінде «Әлеуметтік серіктестік және ынтымақтастықты ұйымдастырудың үздік ресурстық орталығы» номинациясын иеленіп арнайы Грамотамен марапатталды. Оқушылар жетістігі – Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен оқушылардың пәндік олимпиадасың облыстық кезеңінде: Бекболат Аружан Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІ дәрежелі Дипломы және «Менің кіші Отаным» ІІ Республикалық интелектуалдық конкурстың облыстық кезеңінде мына құрамдағы мектеп оқушыларынан құралған топ Әшімхан Қазыбек, Шаяхметова Алуа, Жақсыбек Аяулым, Серікбайқызы Жанель ғылыми жетекшілері тарих пәнінің мұғалімдері Бекарыстанов Досымбек, Бердиярова Майра ІІ дәрежелі Дипломмен, республикалық кезеңде ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. ҰБТ көрсеткіші: оқушы саны – 52, орта балл – 64,96, грант иегері – 43. «Үздік аттестат» иегерлері – Қанатұлы Нұрлыбай, Жарылқасын Қуаныш, Қали Бақдәулет, Түймешбек Мұхамедәлі, Бекболат Аружан, Оралбек Мағжан. «Алтын белгі» иегері – Асқарова Аяжан, Әліхан Мұхтарәлі, Дүйсенбек Ақниет, Замірбекқызы Шұғыла., Тұрсынбай Қасымхан, Асқарова Айдана, Пірімтаева Аягөз.
Соңғы 3 оқу жылында оқушы саны 400 оқушыға артты, білім сапасы 61℅-дан 64℅-ға артты.
Оқу орны қазір қазақ халқының біртуар азаматы, белгілі қоғам қайраткері, этнограф, киелі Отырар өлкесінің перзенті, ұлтжанды азамат Өзбекәлі Жәнібеков есімімен аталады.