
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта 5 “ә” сыныбының ұйымдастыруымен “Ұлдан ұлағат,қыздан инабат”атты тәрбиелік іс-шара өтті.Оқушыларды ынтымақшылдыққа,қайырымдылыққа ,әдептілікке ,инабаттылыққа ,кішіпейілдікке тәрбиелеп, ұлттық ізгі дәстүрімізді насихаттау мақсатында өтілген шарада отбасы,ұл мен қыз тәрбиесі туралы,ұлағатты ғибрат тар,ізгі дәстүрлеріміз терең айтылып,сахналық көріністер көрсетілді.Әуелеген әсем әндер мен ұл-қыздардың биі іс-шараны көріктендіре түсті,ата-аналардың қатысуы қуантты.”Ұл тәрбиелей отырып,жер иесін ,қыз тәрбиелей отырып ,ұлтты тәрбиелейміз”-деп бекер айтылмағаны анық. Ұлдарымыз ұлағатты,қыздарымыз инабатты болып,өнерлері өрлей берсін!
Тәрбиеші: Жанат Ауелбекова