
Кітапханада 5-қыркүйек Тілдер мерекесі күніне арнап, «Тіл елімнің тірегі» атты тақырыпта үйірме мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. Тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту. Іс-шарада тіл мәдениеті,жаһанданудағы тілдің көрінісі,орны қандай болуы керек? деген сұрақтарға,үйірме мүшелері: Бердібек Маржан, Батырхан Нұрила, Жандар Бекнұр,Рысқұлбек Замира әр қойылған сұрақтарға жауап беріп, тіл туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Мақал-мәтелдер, тапсырмалар, өлеңдер орындалды.
Ата -бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай,құндылығын арттыра берейік!