«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі»

8 E412d727

Ө. Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында «Оқуға құштар ұлт, оқуға құштар мектеп» бағдарламасы бойынша «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» айлық іс-шара қарсаңында 7-8-оқушыларының арасында «Жүзден жүйрік» интелектуалды байқауы болып өтті. Сайысқа қазағымның салт-дәстүрін, білімін, әдет-ғұрпын өзгелерден озық білемін деген кілең жүйріктер қатысты. Барлығы 13 оқушы арасынан финалға 3 оқушы суырылып шығып өз бақтарын сынады. Нәтижесінде «Жүзден жүйрік» байқауының жеңімпазы 7 «В»-сыныбының оқушысы Базарбай Аяулым атанды. Екінші орынды 7«В»-сынып оқушысы Жанадилова Ақбота иеленсе, Үшінші орынды 7«В»-сыныбының оқушысы Маратқұл Медет өз қанжығасына байлады.   Сайысқа қатысып белсенділік танытқан барлық оқушыларға Алғыс хат табыс етілді. Жарыс өз жалғасын табады деп сенеміз