“Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы”

2023 11 20 17 47 54

Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта 2023 жыл қарашаның 20-жұлдызында  Отырар аудандық білім бөлімі, “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ” 26.10.2023 ж.күнгі  №2-2/1842 санды хатын орындау, оқушылардың зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында 9-11сынып оқушыларына арналған республикалық ауыл мектептері олимпиаданың бірінші кезеңі (аудандық кезең) “Дарын” РҒПО ережесіне сәйкес өткізілді. Қатысушылар 15-қарашаға дейін тіркеліп, auyl.darun.kz cайтымен жеке кабинеттерде енгізген мәліметтерін тексеруден өткізді. АБ бөлімі жанындағы ұйымдастыру алқасы бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша санитарлық нормалар мен академиялық адалдықты сақтайды отырып өткізілуін басты назарда ұстап отырды.

Олимпиада жұмыстары 2023 жылдың 21-қарашасынан бастап Дарын РҒПО орталығы ұсынған кестеге сәйкес әр мектеп базасында жалғасын табатын болады.

Ауыл мектебі балаларының әлеуетін арттыру, қолдау мақсатындағы ортақ ісімізге сәттілік, шығармашылық еңбек тілейміз!