
ТАРИХ ТОЛҒАУЫ
(Өзбекәлі Жәнібеков жайлы архив қорында сақталған суреттер)
Бүгін – халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртушы, еліміздегі ұлттық мәдениет пен музей ісінің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні.
Өзбекәлі Жәнібеков – Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражай ашып, Наурыз мейрамымен қайта қауыштыруға үлес қосқан тұлға. Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына бастамашы болып, Тайқазанның елге оралуына атсалысты. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Алаш зиялыларының ақталуына да қосқан үлесі зор.
Назарларыңызға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде сақталған видео және фото тарихын ұсынамыз.
1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Алматы. 1968 жыл.
2. Қазақстан суретшілері көрмесінің ашылу салтанаты. Киев. 1988 жыл.
Тарихи естеліктер мүсінші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Е.Т.Мергенов (микрофонда), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Ө.Жәнібеков (оң жақтан 3-ші), Орталық Комитеттің мәдениет бөлімінің меңгерушісі Қ. Смайылов бар.
2. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің отырысы басталар сәті. Алматы. 1990 жыл.
Мұнда Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Манаш Қозыбаев, жазушы Балғабек Қыдырбекұлы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков (солдан оңға қарай) бар.
3. Іле Алатауының бөктеріндегі мереке. Алматы облысы. 1970 жыл.
Бұл естелікте Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаев (ортада), Мұрат Мұсабаев (сол жақта) және Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары Өзбекәлі Жәнібековтің (оң жақта) тарихы сақталған.