Оның еңбегі болмаса, наурыз қазаққа қайта оралмас па еді? Елдігіміздің символына айналған тайқазан ше?! Кеңестік идеологияға қарамастан, Алаш зиялыларының ақталуына атсалысты. Ол атақ-абырой қуған жоқ. Бәлкім содан болар, қазір жастар ұлы тұлға Өзбекәлі Жәнібеков туралы біле бермейді. Еңбегін ешқашан жариялап, «мен істедім» деген емес. Бірақ, тарих әділ. Әркім өз бағасы мен үлесін алады.

Шымкенттегі педагогикалық университетке Өзбекәлі Жәнібековтың есімін беру туралы ұсыныс осыдан біраз жыл бұрын басталған. 10 жылға жуық уақыт өтіп кетсе де, қабылданбай келген болатын. Бірақ, қазір мақсатқа жетер күн алыс емес. Оқу ордасы тұлғаның есімімен аталатын болады. Соған орай зиялы қауым дөңгелек үстел басына жиналды.

 Тарихшылардың айтуынша, Өзбекәлі кеңес билігімен жиі сөзге келіп қалған.  Қызметтен айырылып қаламын деп сасқан жоқ. Бірде үкіметке қазақ жастарын мал шаруашылығына жаппай жіберу, ал қыздардан трактор бригадаларын құру ұсынысы енгізілді.  Өзбекәлі Жәнібеков оған қарсы болып, керісінше, жастарды оқу-білімге баулуға ұмтылды. Мәдениет министрі бола отырып, қазақтың жоғалтқан қазыналарын қайтаруға атсалысты.  Оның тұсында 400-ге жуық археологиялық нысанды қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Соның ішінде Қожа Ахмет Иасауи кесенесі де бар.

 1988 жылы Қазақстан алғаш рет Наурыз мерекесін ресми атап өтті. Түрлі естеліктерге қарағанда, бұрын тыйым салынған мерекені қалпына келтіру жөніндегі қоғамдық бастамаларды алғаш рет Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков қолдаған. Ал кей деректерге оның өзі осы бастамаға тікелей түрткі болғаны айтылады.