
Тамыз айының 24-25 күндері Астана қаласында “Жас ұстаз табысқа апарар жол” ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН АУЫЛ МЕКТЕБІ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ өтті. Ө. Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатынан химия пәнінің мұғалімі Жұпарбек Баян мен география пәнінің мұғалімі Мәжитов Арыстан қатысып қайтты. Форумға Қазақстанның барлық облысынан 200 ден астам жас мамам қатысты. Форум барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен “Галстуксыз кездесу” болды. Сондай-ақ форумға шақырылған Қазақстанға танымал спикерлермен кездесуде табысқа жету жолындағы жеке формулаларымен бөлісті.