
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта Тілдер мерекесіне орай “Мәңгілік ел-мәртебелі ел”тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.Салтанатты жиын асқақтата шырқалған әнұранмен басталды.Қазақ тілі-өз тілім,ана тілім,Ұлыларым сөйлеген дана тілім,Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,Болашағым,бақытым,дара тілім.
Мектеп директоры А.Арипбеков құттықтау сөз сөйлеп,тіл-рухани байлығымыздың қайнар көзі екенін жеткізіп,”Өз ұлын,өз ерлерін ескермесе,Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді”дегендей ұлы тұлғалар туралы мағлұмат берді.
Қазақ,орыс,ағылшын тілінде жүргізілген іс-шара шәкірттердің мерекелік шашу ретінде жолдаған ағылшын тіліндегі ән-билеріне жалғасты.