2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңі

 B356a904

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы, 2-тармағы, 13-тармақшасына, “Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №99 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы                   №114 бұйрығына, «2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңін өткізу туралы» Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының                     2021 жылғы 5 ақпандағы бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының зияткерлер әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткізілген оқушылардың пәндік олимпиадасына мектебіміз бойынша 29 оқушы қатысып, 9 оқушы ІІІ орын, 3 оқушы ІІ орын иемденіп, 11 «Ә» сынып оқушылары Керімқұлова Торғын математика пәнінен, пән мұғалімі Егентаева Айжан, Мәжитова Әлия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, пән мұғалімі Мамырайымова Ұлбала, Бекзатханова Самал орыс тілі мен әдебиеті пәнінен, пән мұғалімі Орынбекова Ғалия, 10 «А» сынып оқушысы Әзімханова Әйгерім өзін-өзі тану пәнінен, пән мұғалімі Нұржанова Шарбану, 9 «Г» сынып оқушысы Қалаш Нұртөре Адам. Қоғам. Құқық пәнінен, пән мұғалімі Қаныбекова Индира облыстық кезеңге жолдама алды. Шәкірттерімізге білімнің биік шыңын бағындыра беріңіздер дейміз!!!