
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты ұжымы жаңа 2021-2022 оқу жылын жоғарыдағы тақырыпта МАД 2 топта 50 тәрбиеленушімен (22 қыз, 28 ұл), 1-11 сыныптарда 42 сынып комплектіде 894 оқушымен (453 қыз, 441 ұл) және оларға сапалы білім, саналы тәрбие беретін 1 педагог-шебер, 27 педагог-зерттеуші, 23 педагог-сарапшы, 29 педагог-модератор және 37 жоғары, бірінші, екінші санатты жалпы 117 ұстазбен бастап кетті.
Мектеп ұжымы мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 1-қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауындағы білім саласына қатысты «Сапалы білім беру» бөліміндегі мәселелерді іске асыру барысында аянбай еңбек етеді.