“Кітап маған тақтан да қымбат”

1 faf313c2

Кітап маған тақтан да қымбат,-деп Англияның жазушысы,драмматург Ульям Шекспир  айтқандай,кітапты сүю,ерінбей оқу оқырманның бұрынғы  жұмысы болғандығы белгілі.Елімізде қазіргі таңда,кітапсүйер қауымды көбейту мақсатында игі іс шаралар,жұмыстар жүргізілуде.Соның бірі деп айтсақ болатын 

   Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында  “Кітап оқу жарысы”өткізілді.Аталмыш жарысты ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұ.Мамырайымова оқырманға оқитын кітабын электронды нұсқада жіберіп,нәтижесін ортаға салу лицейдің АКТ залында өтті.

Оқырманның  оқыған кітабы

1.Жүйелі баяндау; 

 2.Үздік пікір айту;  

3.Бәйгеге  ұсынылған кітаптар барысын қамтитын тестік сұрақтармен  пысықталды.

   Теңіздің түбінен гауһар табылады,кітаптың түбінен білім алынады демекші рухани құндылықты ұғынып, шабытқа кенелген көрермен де,оқырмандар да жарыс жалғасын тапса деген сұраныспен жарыс аяқталды.

“Ұстаз аты – биік,әрі мәңгілік”.

9

Ө. Жәнібеков атындағы лицей -интернатта 3.10-30.10.2022 ж жоспарға сай ағылшын және орыс тілдерінің айлығы өтпек. Бүгін,яғни 3.10.2022 ж. күні айлықтың ашылу жиыны өтті.

” Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік” деп ұстаздар мерекесіне орай ағылшын және орыс тілдерінде өз тілектерін,алғыстарын жеткізді,ән шашуларын арнады. Өз тіліңді білсең төрге шығасың,  өзге тілді білсең – өрге шығасың.

Орыс тілі есік ашса әр елге, ал ағылшын есік ашар әлемге.

“Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды”

2 3bca2c8c

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей – интернатында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.

   Жиналыстың мақсаты:

1. Ата – ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.

2. Ата – аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.

3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

Міндеті:

1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата – ананың жауапкершілігі.

2. Мектепте ата – ананың оқу – тәрбие саласындағы рөлі.

3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата – ананың бірігіп жұмыс жасауы.

     Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат – әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан – жақты дамуына ата – ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін – өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

      Бізде көптеген ата – аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата – ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу – үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата – ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата – ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата – ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

     Сонымен әрбір ата – ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі – өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата – ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата – ананың қолында.

«Оқыту мен оқу үдерісінде педагогтердің жоспарлау дағдысын арттыру»

3 5f5d38cf

«Оқыту мен оқу үдерісінде педагогтердің жоспарлау дағдысын арттыру»  тақырыбында педагогикалық семинар өтті. Семинарға   НЗМ  ДББҰ басқарма төрайымы  Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы , Шымкент  қаласы “Педагогикалық шеберлік орталығы” филиалының директоры Калгинбаева Жанар Сакимбекқызы, Түркістан облыстық  Әдістемелік орталығының  директоры  Төлімбетов Бақытжан  Нұрмаханбетұлы,  НЗМ директоры  Касимов Балкан Маратұлы, Отырар аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы  Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы  және әдістемелік орталық тренерлері қатысты.

   Жалпы,педагогикалық үдерісті құраушы екі басты бірліктің біреуі-оқу үдерісі десек ,бұл үдеріс өте күрделі.Сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму үдерісінен кейін тұруы мүмкін. Оқу үдерісі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды.Сөзімді даму үдерісінен тәптіштеуім, іскерлік,әдістемелік көмектің  біздің мектебімізге келуі себеп болып отыр.

   Ауыл мектептерінің білім сапасын НЗМ мектептерімен теңестіру мақсатында 2022-2026 жылдар аралығында жүргізілетін өзара тәжирибе алмасу,мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, білім сапасын көтеру, тірек мектептерімен тығыз жұмыс жасау барысындағы алдағы жоспарлар мен міндеттер  айқындалды.

   Осынау игілікті істі жүзеге асыру,білімдегі қағидаларды жүйелей отырып, білім бәсекесінде биік межені бағындыру ұжымның атқаратын игілікті ісі екендігін айтқымыз  келеді.

   Әлемдік білім кеңістігіндегі бәсекелестікке қол жеткізу- ұжымымның ауыз біршілігі арқасында іске асады. «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» -деген  Ыбырай ұстаздың қанатты сөзімен әріптестеріме серпін бергім келеді.

«Тіл елімнің тірегі»

4 3bf34c2c

Кітапханада 5-қыркүйек Тілдер мерекесі күніне арнап, «Тіл елімнің тірегі» атты тақырыпта үйірме мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Тілге  деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. Тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту. Іс-шарада тіл мәдениеті,жаһанданудағы тілдің көрінісі,орны қандай болуы керек? деген сұрақтарға,үйірме мүшелері: Бердібек Маржан, Батырхан Нұрила, Жандар Бекнұр,Рысқұлбек Замира әр қойылған сұрақтарға жауап беріп, тіл туралы  ой-пікірлерімен бөлісті. Мақал-мәтелдер, тапсырмалар, өлеңдер орындалды.

Ата -бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай,құндылығын арттыра берейік!