Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет

5 6698870e

Балаға қай уақытта  ойын-сауық мекемелері мен үйден тыс жерлерге  баруға тыйым салынады?

Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелеріне:

ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет кафе, компьютер, бильярд бөлмелері, боулинг клубтары мен кинотеатрлар, театр және ойын-сауық нысандары және басқа ғимараттар, ойын-сауық, театр және ойын-сауық, спорттық, мәдени және демалыс қызметтері ұсынылатын үй-жайлар, құрылыстар жатады. Сағат 23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынады. Егер бұл уақытта балалар үйдің ауласындағы орындықта отырса, қоқыстарды кешкі уақытта шығарса, өзі тұрған үйден 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оны табудың себебін анықтауға, заңды өкілдерін құруға, оларды уақтылы анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған адамды оның заңды өкілдерін құру жөніндегі келесі шаралар үшін полиция органына жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті. Заңды өкілдер, мекеме иелері қандай жауапкершілікке тартылады Ата-аналарға, заңды өкілдерге кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз түнде ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүргені үшін:

кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса – 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;

түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйден тыс жүретін болса – ескерту жасалынады.

Егер ұқсас факт жыл ішінде қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Баланы тиісті  емес уақытта болғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелеріне де айыппұл салынады. Айыппұлдың мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне, сондай-ақ құқық бұзушының жыл ішінде осындай бұзушылық үшін бұрын жауапқа тартылған-тартылмағанына байланысты. Айыппұл іс-әрекетті тоқтатумен немесе белгілі бір қызмет түрімен бірге қолданылуы мүмкін.

Айыппұл мөлшері:

жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК, қайталама құқық бұзушылықтар үшін – 20 АЕК;

шағын кәсіпкерлік  субъектілері  немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 15 АЕК, қайталанғанда – 30 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 30 АЕК, қайталанғанда  – 50 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК, қайталанғанда – 100 АЕК.

Кәмелетке толмағанның өкілі ретінде  кім сөйлей алады Заңды өкілдің қатысуымен кәмелетке толмаған бала белгіленген уақыттан өткеннен кейін ойын-сауық мекемелерінде  болуы мүмкін. Басқа ересек адамдар заңды өкіл ретінде таныла алмайды. Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмаған баланың басқа ересек адамдардың қатысуымен болуы (мысалы, жас адаммен, компаниямен), бірақ заңды өкілдерсіз болуы заңсыз болады. Көршісіне сағат 23.00-ден кейін мұз айдынын жасауға көмектескен кәмелетке толмаған құқық бұзушы үшін көршісі заңды өкіл болып табылмайды. Тек заңды өкілдер ғана баланы полициядан алуға құқылы. Егер ата-аналары уақытша қалада болмаса, онда туыстары немесе өкілдері тиісті құжатты немесе нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынуы керек.

«Ана тілім –ардағым»

6 585d67a9

    Мектебімізде «Ана тілім-ардағым» атты  іс-шарасы өткізілді.

Мақсаты: Жас  ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.

5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының  тілдері күні мерекесі. Бұған дейін 1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап, 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылды. Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні 7 А- сынып оқушылары  тіл туралы өлеңдер оқып,әндер айтып,күй тартып белсенділік көрсетті.Соңында «Атамекен» хоры айтылды.

МЕКТЕПТЕГІ КИНОТЕАТР. “АХМЕТ . ҰЛТ ҰСТАЗЫ”.

7 01d178e1

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы № 4 жалпы орта лицей-интернатында Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған “МЕКТЕПТЕГІ КИНОТЕАТР” жобасымен жол тартқан “Ахмет. Ұлт ұстазы” сериалы оқушылар назарына ұсынылды.

   Мақсаты: Мемлекет және қоғам қайраткері , рефарматор,ұлы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолын еңбектерін, қалған мұраларын оқушы қауымға насихаттау.

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбындағы салтанатты білім мерекесіне қош келіпсіздер!

10 98e1032a

Отырар топырағынан ұлы бабалардың аманатын арқалаған қоғам қайраткерлері, білім мен мәдениет саласының талай дарабоздары шыққан. Соның бірі де бірегейі, тау тұлға- Өзбекәлі Жәнібеков есімімен аталатын №4 лицей-интернаты ауданымыздағы іргелі қара шаңырақтардың бірі.

  «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде №29030 болып тіркелген) бекітілген, Қазақстан Респубдликасы  Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №363 бұйрығы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 2022 жылғы 25 тамыздағы №270 бұйрығы, мектепішілік 29 тамыз 2022 жылғы №235 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылын бастағалы отырмыз.

     Оқу ғимараты 900 білім алушыға арналған. 250 орындық жатақхана, 125 орындық асхана жұмыс жасап, 200 білім алушы жатақханамен қамтылды.

  2021-2022 оқу жылын 1-11 сыныптар арасында 875 білім алушылармен аяқтап, білім   сапасы 68 пайызды құрады.

Қорытынды аттестаттаудың нәтижесінде 9 сыныптар бойынша  79 оқушының 10-ы «Үздік аттестат», 11 сыныптар бойынша  8 оқушымыз «Үздік аттестат» алса, 9 оқушымыз «Алтын белгі» иегері атанды.

       45 бітіруші түлектің 42-сі   ҰБТ-ге өтініш білдірді. Мектебіміздің орта балл көрсеткіші 90 пайызды құрап,  бітіруші түлектің 70 пайызы  мемлекеттік грант иегерлерінің тізіміне енді.

    «Білімнен басқа нәрседен оздым деу бекершілік» деген мәйекті сөзді жандандырар болсам, 2021-2022 оқу  жылындағы ұстаздар мен оқушылардың білім саласындағы  олимпиадалар мен түрлі байқаулардан алған жоғары көрсеткіштерінің нәтижесінде Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты ауданымыздың үшінші рет «Үздік мектеп» номинациясын иелендік.

    Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдан бастап ауданымыздағы «Сырдария» және «Сарыкөл» ШЖНОМ-мен бірлесе жұмыс жасап келеміз. Жыл сайын тоқсанына 1 рет бір жеті мектеп оқушыларын тірек мектеп базасына алдыртып,  сыныптарға топтастыру арқылы оқу үдерісін ұйымдастырып, пән мұғалімдерімен бірлескен әдіс алмасу жұмыстары жүргізілді.

   Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде 2018 жылы облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Үздік ресурстық орталық» байқауында жүлделі бірінші орынды иелендік.

2019 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  ұйымдастыруымен Павлодар қаласында өткен «Үздік ресурстық орталық» атты республикалық конкурста «Әлеуметтік серіктестік және ынтымақтастықты ұйымдастырудың үздік ресурстық орталығы» номинациясының жеңімпазы атанып, академия  президенті Ж. Жилбаевтың грамотасымен марапатталдық.

     Түркістан облысы бойынша мектебіміз  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұсынысымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қолдауымен «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерін әдістемелік қолдау» қайырымдылық жобасының тізіміне енді. Жоба ДББҰ «Тұрақты Даму Қоры» қоғамдық  және «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп іске асырылуда. Аталмыш қордан мектепке 250 млн. тг көлемінде  материалдық-техникалық базаны жаңартуға ұсыныс жасалып, 2022-2026 жылдар аралығында НЗМ –мен бірлескен, интеграциялық жұмыстар жүргізілетін болады.

  Жаңа оқу жылын МАД топтары 42; 1-11 сыныптар арасында 945; барлығы 987/ 490 білім алушымен бастағалы отырмыз. 125/94, 1 шебер, 26 зерттеуші, 26 сарапшы, 24 модератор, 37 педагог санатындағы мұғалімдер мен 50/39 тәрбиеші шәкірттерге білім мен тәрбие беру мақсатында жұмыс жүргізеді.

  Биылғы 2022-2023 оқу жылында жаңа өзгерістер көп. Мектебіміз биылғы оқу жылының негізгі ерекшеліктерінің бірі- бес күндік оқу жүйесіне көшті. 1 сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 апта болып белгіленсе, 2-11 сыныптарда 36 аптаға аптаға дейін ұзартылды. 1 сыныпта ағылшын және орыс тілі пәндері жүргізілмейді.

    2022-2023 оқу жылының басталуымен барлық әріптестерімді құттықтаймын. Оқу жылында әріптестеріме шығармашылық табыстар, шәкірттерімізге білімнің биік шыңынан көрінуіне тілектестік білдіремін.

ӘР ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ БОЛАШАҒЫ ӨЗ МЕКТЕБІНДЕ ШЫҢДАЛАДЫ

WhatsApp Image 2022 04 23 at 18.58.21 f4a26fb7

Ө.Жәнібеков атындағы    №4 жалпы орта лицей – интернатында  апта көлемінде, білім жолындағы «Сүйінші» дер тұсымыз  көп болуда. Пәндік олимпиадада құқық  пәнінен облыстан оза шапқан 10 «В» сыныптың Қалаш Нұртөре сынды оқушымыз пәндік олимпиаданың  республикалық  кезеңінен де  жүлделі 2-орынды иеленді. 

Қалаш Нұртөре шәкіртіміз  2020-2021 оқу жылында құқық  пәнінен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен» ІІІ дәрежелі диплом алса,  ал 2021-2022 оқу жылында құқық  пәнінен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен» І дәрежелі дипломмен марапатталып, пәндік олимпиаданың  республикалық  кезеңінен де  жүлделі 2-орынды иеленді.

Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының 5 деңгейдегі «Өзін-өзі таныта білу –дарын, қабілеті мен әлеуетін толық көрсете білу » деген қағидасын шәкіртіміз аңғартты. Бұл қажеттілікте өзін-өзі көрсету басты мақсат болғанымен, бастаған жұмысты аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды жатқықызуға болатынын  дәлелдеген шәкіртіміз Нұртөренің алар асу әлде алда деп ойлаймыз!

Құқық пәні мұғалімі Қаныбекова Индира әріптесіміздің еңбегі «Сапалы және табысты  оқытудың» нәтижесі екендігін аңғартады.  Шәкірт ұстазға қарап өседі. Оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, еңбекқорлық керек. Құқық пәні мұғалімі Қаныбекова Индираны үлкен нәтижесімен құттықтаймыз.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде мектеп ұжымы. Әр жеке тұлғаның  болашағы өз мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.

Қалаш Нұртөре шәкіртіміздің  оқудағы  жетістігі мен талабы үшін ата – аналарына мың алғыс айтамыз.