Рубрика: Соңғы жаңалықтар
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында 1-наурыз Дүние жүзілік “Азаматтық қорғаныс” күніне орай мектепте іс-шара жоспары жасалып бекітілді.
Жоспарға сәйкес мектепте 1-ауысым бойынша “Баршаның назарына” дабылы беріліп, Ұжым қызметкерлері мен оқушыларды қауіпсіз аймаққа Эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Жопарға сәйкес Ұжым қызметкерлері мен оқушыларға “Азаматтық қорғаныс” күнінің маңызы мен міндеттерін түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
“СПОРТ СЕРІГІМІЗ, ӨНЕР КӨРІГІМІЗ”
“Болашақ -балалар көзімен”
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында 8,9,10 сыныптар арасында «Әр өнері- бір әлем!» тақырыбында көңілді тапқырлар сайысы өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл –күй сыйлай отырып, тапқырлық, ұшқыр қиял арқылы әзіл әлемінде қалықтауға бейімдеу, бір-бірімен еркін араласуға, достық қарым-қатынастарын жетілдіру арқылы сахна мәдениетін меңгерту болды. Сайысқа “Жаңа ғасыр жастары”, “Фараби” , “Құрдастарс”, «Дарын жастары» , «Жұлдызды жігіттер» , «Пирамида» командалары қатысты. Сайыстың шарттары «Сәлемдесу», «Жамбы ату» және «Үй тапсырмасы» бөлімдерінен құралды. Сайыс соңында команда бойынша 10 «В» сыныбынан құралған «Жұлдызды жігіттер» командасы I дәрежелі дипломмен, 9 «В» сыныбынан құралған «Дарын жастары» командасы II дәрежелі дипломмен, 8«В» сыныбынан құралған «Жаңа ғасыр жастары» III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ойын соңында өз өнерімен белсенділік танытып, көзге түскені үшін 10 «В» сынып оқушысы Қуанышбек Мұхаммеджанға, 8 «В» сынып оқушысы Қайыпов Ақтөреге «Үздік ойыншы» номинациясы берілді.
