ЗЕРТХАНАШЫҒА ЗОР ЕҢБЕК КЕРЕК

WhatsApp Image 2022 02 08 at 10.07.10 (1) d7845e86

Зертханашы мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді, өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды, өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді.

WELCOME TO ENGLISH WORLD

WhatsApp Image 2022 02 07 at 14.06.38 92150e28

     Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында әдістемелік жоспарға сәйкес ағылшын тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің «Лингвист» әдістемелік бірлестігінің 7 ақпан мен 28 ақпан аралығындағы «WELCOME TO ENGLISH WORLD» тақырыбындағы айлығы басталды. Айлық барысында білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында ағылшын тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері үлгілі ашық сабақтар, түрлі деңгейдегі сыныптан тыс іс-шаралар өтеді.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

деп Қадыр Мырза Әли жырлағандай, әріптестерімізге «Бүкіл әлемдік тіл – ағылшын тілін» үйретуде аянбай еңбек етіңіздер дейміз!!!

ҮЗДІК МЕКТЕП ҮЗДІК БАСШЫ

WhatsApp Image 2022 02 04 at 17.15.57 6214922a

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын мектеп педагогтары арасында кеңінен насихаттауда мақсатында өткен іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп отырғаны үшін ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Е.А.Әбіл, Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының директоры С.М.Дауешова, «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Б.Сатылғанов, «Қазақстан Білім менеджерлері» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналының бас директоры Б.Тұяқбаев және «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының бас директоры Ғ.Тұяқбаевтардың атынан мектеп басшысы Әріпбеков Әділхан Әсілханұлының атына «АЛҒЫС ХАТ» келді. Әріптестер кәсіби шеберліктеріңіз арта берсін!!!

ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021

WhatsApp Image 2022 02 04 at 16.42.28 dfb0885c

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021» атты республикалық байқауға қатысып І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталған әріптесіміз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Құламова Жайна Нұртайқызын құттықтаймыз. «Ұстаздан шәкірт озар» дегендей шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие, бағыт-бағдар беруде еңбегіңіз зор екенін айта келе, білімді де, білікті шәкірттеріңіз көп болсын дейміз!!!

БІЗДЕР БИІКТЕРДІ БІРГЕ БАҒЫНДЫРАМЫЗ

WhatsApp Image 2022 02 02 at 18.09.25 27f8e63b

Бүгінгі күні бірінші сыныпта оқитын бүлдіршіндер 2032 жылы бітіруші түлек атанады екен, Құдай қаласа 2036 жылы жоғары оқу орнын бітіріп, ақпарат пен технологияның күн санап даму ғасырында нағыз маман болатындары анық. Дәлірек айтқанда сіз бен біз сол үшін «Сапалы білім, саналы тәрбие» беруде аянбай еңбек етуге міндеттіміз!!!