ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН БІР СӘТ

39343dc6

Ой – өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушылар, өз қатарластарын басып оза, мұғалімнің ерекше мейірім ықыласына бөленеді. Дарынды балалар ортада өзін                 емін – еркін ұстай отыра, өздерін басқаның алдында биік ұстай біледі. Балалардың кейбір дарындылығы көбінесе байқала бермейді, оның қабілетін, дарындылығын дамыту – ұстаздың қолында. Ұстаз оқушыға қалай бағыт берсе, ол соған қарай бейімделеді. Балалармен бірге жұмыс істеуді тек ұстазға артып қана қоймай, ата – аналарда бірге жұмыс істеуі керек. Сонда ғана баланың ойлау қабілеті арта түседі.

ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

1e6bddf0

 

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 2021-2022 оқу жылына арналған өндірістік жоспарына сәйкес «Сана» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен (4 педагог-зертеуші, 3 педагог-сарапшы) құрылған әдістемелік бірлестік бүгін 20-30 қыркүйек аралығындағы онкүндіктерін бастап кетті. Онкүндіктің жоспарында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар және үлкен үзіліске де оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сайыстар жоспарланған. Онкүндіктің ашылу салтанатына мектеп директоры Ә.Әріпбеков қатысып оқушыларға BilimLand мұғалімдер мен оқушыларға арналған білім беру платформасымен жұмыс жасай отырып, пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алған оқушыларға дайындықты жоспарлы, жүйелі түрде жүргізіп, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды. Онкүндіктің алғашқы күні Р.Әбдіразаққызының 10 «Ә» сыныбына «Елім деп соққан жүректің тағдыры» тақырыбындағы және Б.Оразбекованың 5 «Ә» сыныбына «Тілі байдың ойы да бай» тақырыбындағы ашық сабақтарымен жалғасты. Зияткерлік сұрақтарға жоғары деңгейде жауап берген аудандық олимпиаданың жүлдегері 11 «В» лицей-сынып оқушысы Өтен Думан марапатталды.

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА «ЦИФРЛЫ ҰСТАЗ» БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІ ҰШТАСТЫРА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

WhatsApp Image 2021 09 11 at 18.28.39 f290fd6a

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты ұжымы жаңа 2021-2022 оқу жылын жоғарыдағы тақырыпта МАД 2 топта 50 тәрбиеленушімен   (22 қыз, 28 ұл), 1-11 сыныптарда 42 сынып комплектіде 894 оқушымен (453 қыз, 441 ұл) және оларға сапалы білім, саналы тәрбие беретін 1 педагог-шебер,  27 педагог-зерттеуші, 23 педагог-сарапшы,  29 педагог-модератор және 37 жоғары, бірінші, екінші санатты жалпы 117 ұстазбен бастап кетті.

Мектеп ұжымы мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 1-қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауындағы білім саласына қатысты «Сапалы білім беру» бөліміндегі мәселелерді іске асыру барысында аянбай еңбек етеді.

ЖАСҰЛАН ЖАРАЙСЫҢ!!!

989d286f

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта  лицей-интернатының 2017 жылғы түлегі, М.Есболатов атындағы Ішкі Істер Министрлігі Алматы академиясының   IV курс курсанты Тастемір Жасұлан Әшірбекұлы білім нәрімен сусындап түлеп ұшқан мектебіндегі офлайн форматта оқып жатқан 1-5, 9, 11-сыныптардағы оқушыларға яғни іні-қарындастарына карантин кезеңіндегі ережеге сәйкес ауызсу ішу мәселесіне байланысты 2000 дана бір реттік пластик стакандар әкеліп демеушілік жасады. Жасұлан шәкіртімізге алдағы уақытта жоғарыда аталған академияны ойдағыдай бітіріп шығып, еліңе адал қызмет етіп, полиция генералы бола беріңіз дейміз!!!

ИГІ ІСТЕРДІҢ БАСЫНДА ЖҮРЕТІН АЗАМАТҚА МЫҢ АЛҒЫС!!!

5a3864f5

Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. 

Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Бүгін осындай қайырымдылық пен демеушілік жасап отырған Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы, мектебіміздің үздіксіз демеушісі Асан Аралбай жерлесіміз кезекшілік сыныпта оқып жүрген 1-5 сыныптар оқушыларына, аралас оқыту форматында оқып жүрген           9, 11-сыныптар оқушыларына және пән мұғалімдеріне карантин жағдайына байланысты 2000 дана бетперде тарту етті. Атымтай жомарт азаматқа отбасыңызда әрқашан амандық, бақ-береке, ісіңіз әрқашан оңды болсын дейміз!!!