KitapXAH@ жеңімпаздары

Whatsapp Image 2021 12 29 At 08.51.01 7331e459

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.

Абай Құнанбайұлы

         Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен қазан айынан бастау алған «KitapXAH@» облыстық жаңа жобасының кітап оқу сайысының апталық, айлық кезеңнің жеңімпаздары анықталып, нәтижесінде әріптестеріміз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Әбдіразаққызы Рәзия мен жас маман Кәдірбек Балжан жылдық кезеңге жолдама ала отырып марапатталды.