-

ҮЗДІК ЗАМАНАУИ ЖАС МАМАН – 2021
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Үздік заманауи жас маман – 2021» байқауы өткізілді. «Өзін-өзі таныстыру», «Өнерлінің өрісі кең», «Білікті маман – Ел тірегі», «Мамандығым – мақтанышым», «Үздік сабақ», «Мамандығым мақтанышым»…
-

ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021
Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2021 жылғы 15 қазандағы №23 бұйрығына сәйкес мектепішілік шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтердің біліктілігін айқындау, олардың ғылыми-әдістемелік қызметін ынталандыру, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» мерекесін кәсіби педагогикалық қызметіндегі іс-тәжірибелерін насихаттау және жоспарлы жұмыстарды іске асыру мақсатында «Үздік педагог – 2021» байқауы өткізілді.
-

БҮГІНГІ МЕКТЕП ТҮЛЕГІ – ЕРТЕҢГІ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ-ға дайындау кезінде оқушылардың бойына сенімділікті қалыптастыру. Оқушылардың бойындағы белсенділікті арттыру, өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету мақсатында “ Бүгінгі мектеп түлегі- ертеңгі елдің тірегі” тақырыбында мектеп психологы Төлегенова Ләззаттың ұйымдастыруымен психологиялық тренинг сабақ өткізілді.
-

Әжімұратов Абайханның көп жұмысты қажет ететін, аяқталмаған жаңа туындысы
Ағаш шебері (Ағашшы ) – ағаштан түрлі тұтыну бұйымдары мен үй жиһаздарын жасайтын маман. Ағаштан түйін түйетін шеберлерді төрт топқа бөліп қарастыруға болады: балташылар – үй құрау, арба, шана, есік, терезе жақтауларын тағы басқа жасаушылар; үйшілер – киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, адалбақан, асадал сынды тағы басқа бұйымдарын жасаушылар; оймашылар – жүкаяқ, кереует, кебеже, абдыра, саз аспаптарын оюлап жасаушылар; тоқушылар – себет, ергенек, қорап тағы басқа тұрмыстық бұйымдарын тоқушылар.
-

Белсенді әдіс-тәсілдердің тиімдісін қолдана отырып, білім сапасын көтеру жолдарының тиімділігі
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей – интернатының «Алгорифм» физика және информатика пәндерінің бірлестігінің онкүндік пәндік апталықтың тақырыбы: «Белсенді әдіс-тәсілдердің тиімдісін қолдана отырып, білім сапасын көтеру жолдарының тиімділігі.» Мақсаты: Сaбaқтaрдың мaқсaттaры мен күтілетін нәтижелер aрaлығындaғы тaбыс критерийлерін тиімді ұйымдaстыру кіріктірілген жaңa әдіс-тәсілдердің тиімдісін пaйдaлaну aрқылы жүзеге aсыруғa ықпaл ету. Биылғы 2021-2022 оқу жылының басты…
-

АЙСӘУЛЕ АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТЕДІ
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының лицей-сыныптарының химия және биология пәндерінің педагог-модератор мұғалімі Молбаева Айсәуле Қанатқызы Мыңшұңқыр жалпы орта мектебінің базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» тақырыбында өткен республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде шығармашылық қабілетін көрсеткені үшін І дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталды. Айсәуле алар асуың молынан болғай!!!
-

ТІЛ ӘЛЕМІНЕ – САЯХАТ
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 2021-2022 оқу жылына арналған өндірістік жоспарына сәйкес «Лингвист» орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі 4-14 қазан аралығында онкүндік өтті. Онкүндіктің жоспарында «Мы и природа», «Символ верности дому», «Спорт в нашей жизни», «Ошибкам – бой!», «О спорт ты – мир» «Знатоки русского языка», «Ты и твои друзья», «Учимся…
-

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОКӨЛІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІН
Мен Кенжебек Сүндет Сәбитұлы Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы ора лицей-интернатының 6 «Б» сынып оқушысымын. Мен сабақты өте жақсы оқу мақсатында сабақтан кешігіп қалмау үшін мектепке велосипедпен келемін. 2027 жылы мектеп бітірген соң бар білімімді, күш-жігерімді Қазақстанның машина жасау саласына – Ұлттық автокөлік құрастыруды дамытуға арнаймын.
-

МЕКТЕП АУЛАСЫНДАҒЫ КҮЗГІ ЖҰМЫС
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын, Жер мен көк жалтыраған сап–сары алтын. Ағашта жапырақтар сылдырлайды, Төгілген алтын теңге сансыз жатқан.
-

ТАЛАНТ – ТАБИҒАТТАН, ТАЛАП ӨЗІҢНЕН
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Жамбыл облысы Жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік грант аясында «Орта білім беру ұйымдары» арасында «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауына үміткер ретінде Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында этнограф, сазсырнайшы, қобызшы, фарабитанушы, Қазақстан Дизайнерлер мен Суретшілер одағының мүшесі, көне Отырардың құмырашылық кәсібінің технологиясы мен дәстүрін қалпына келтірумен…
