§ 29. Батыс Еуропада кайта өрлеу мәдениетінің қалыптасуы

Қайта өрлеу

■ XV ғасырдың екiншi жартысында Италияда адам көзқарасындағы төңкеріс буржуазия болды. Ой еңбегi мен шұғылданатын адамдар интеллигенция деп аталды. XV ғасырдың аяғында XVI ғасырда Италияда «Қайта өркендеу» деп аталатын мәдениеті толық гүлдену деңгейіне жетті. Қайта өркендеу итальянша: ренашименто, французша: ренессанс. Флоренция бүкiл Италияның мәдениет орталығы болды. Римнен Альпiге баратын сауда жолының үстiнде орналасты. Қалада қолөнер кәсiбi мен сауда өте жақсы дамыды. Кеме жасау және су қатынасы iсi де алға басты. Мекен ендiгiн аныктау үшiн құбылнамаларды, сағат жасау iсi, географиялық карталарды,

приборларды қолдану ашық теңiздерде ұзақ сапарларға шығуға мүмкiндiк берді. Қайта өрлеу дәуiрiнде iсмер адамдардың ұстанған ереже «Адам өмiрiн ұйқыда өткiзу үшiн емес, әрекет жасау үшiн туған. Қайта өрлеу дәуiрiндегi Рим қаласындағы Әулие Петр соборы озық архитектуралық ескерткіш.

 

Өнер саласы

 

Флоренцияда итальян ақыны, өз заманының iрi суреткерi Данте (1265-1321) өмір сүрді. Ол өзінің атақты «Құдіретті комедиясын» жазды. Қайта өркендеу дәуірінің алғашқы суретшісі Джотто ди Бондоне өз картиналарында адамдарды өздерiнiң қуаныш-қайғысын шынайылықпен бейнелеп берді.

Мусiншi Донателлоның (1386-1466) еңбектерi күш-жiгерге, кұштарлык пен шынайылыққа толы болды.

Леонардо да Винчи (1452/1456-1519) Италияның қайта өркендеу дәуiрiнiң аса iрi қайраткері және оның негiзiн қалаушылардың бiрi. Ол тек ұлы суретшi ғана емес, ұлы математик, Физик, астроном, архитектор және инженер болған. Шәкірттерін «кім көп еңбек етсе, сол адам бақытты

болады» деп үйретті. Леонардо да Винчи сурет өнерін өнердiң басты түрi деп есептедi. «Адам суреттiң көмегімен дүниені таниды». Леонардоның басты еңбегi «Мона Лиза» (Джаконда) картинасы бүкiл дүние жүзiне мәлiм. Миланды ауыз сумен қамтамасыз ететiн канал салды. Леонардо сан қырлы өнер-ғылым салаларымен айналысты. Сәулет өнері, әскери анатомия, жарық пен көлеңке, судың ағысы мен өлшемі сияқты мәселелерді зерттеді.

Микеланджело Буонарроти (1475-1564) итальян мүсіншісі, кескіндемеші, архитектор әрi ақын Микеланджело Римде «Вакх»  мүсінін, «Христосты жоқтау» суретін салды.

1505 жылы ІІ Юлиан папа Микеланджелоны Римге шақырып, оған папа қабiрiне кұлпытас жасауды тапсырды. Жобалар өзгере бергендіктен, құрылыс ұзаққа созылып, тек 1545 жылы ғана аяқталды. Оның тандаулылары «Моисей», «Көтеріліске шыққан құл» және «Хал үстiндегi құл» мүсiндердi жасады.

1534 жылы Римге бiржола көшiп келiп, «Аяусыз жаза» еңбегi (1536-1541) Христосты бейнеледі. Римдегі Әулие Петр ең үлкен күмбезiнiң жобасын жасады.

 

■ Рафаэль Санти (1483-1520) аса көрнекті суретші. Әулие Петр соборының құрылысына басшылық еттi. Рафаэльдiң ең данқты картинасы «Сикст мадоннасы». Мұны суретшi Италияның шағын қалаларының бiрiндегi Әулие Сикст монастыры үшiн салды. Суретшi адамзат бақыты үшiн өзiнiң ең қымбаттысы – баласын да құрбан ете алатын адамды дәріптейдi.

 

Германия, Нидерланды және Испаниянын ұлы өнер шеберлерi.

Дюрер Альбрехт (1471-1528). Германияның алдыңғы қатарлы суретшілерiнiң көшбасшысы болды. Альбрехт Германияға, Нидерландға, Италияға көп саяхат жасап, бұл елдердегi шеберлердiң жетiстiктерiмен танысты. Дюрердiң тандаулы суреттерiнiң бiрi «Төрт салт атты» деп аталады. Онда тәңiрдiң жер бетiндегi адамзаттың үштен бiрiн жазалауға жiберген – Iндет,

Соғыс, ашаршылық жане ажал кейпiндегi салт аттылар бейнеленген.

Веласкес Диего (1599-1660). Испан суретшісі және сарай суретшiсi деп аталады. XVI ғасырдың аяғынан бастап, Испан мемлекетiнiң жүз жыл уақытқа созылуын «алтын ғасыры» деп аталды. Веласкес корольдiң, оның отбасының және жоғары мәртебелі шонжарлардың салтанатты портреттерiн салды. Әйгілі еткен суреті «Инфанта Маргарита». Оның зиратындагы ескерткіште «шындық суретшiсiне» деген сөз жазылды.

Рембрандт Харменс ван Рейн (1606-1669) – сурет өнерiнiң ұлы шебері, голланд кескіндемешiсi әрi график. 1620 жылы аз  уақыт Лейден университетiнде бiлiм алған. 1632 жылдан Амстердамда тұрып, кейін әйгiлi суретшіге айналды, оның көптеген шәкірттері болды. Негiзгi көңiл қойғаны -адам, оның мiнез-құлкы, ақылы мен толғаныстары. Рембрандт ең әйгiлi картиналарының бірі – «Адасқан ұлдың қайта оралуы». Шығарма адамға деген сүйіспеншілік, сезiмдерiне кұрылган. Діни мазмұндағы алғашқы туындыларында қиял еркiндiгi мен өмір шындығын бейнелеуге талпынған.