ЖАҢА ЗАМАН ТАРИХЫ

§ 1. XVIII ғасырдағы Ағылшын буржуазиялық революциясы

Жаңа заман дәуірі туралы түсінік

■ Жалпы тарихтың үшінші кезеңі – Жаңа заман тарихы ХVII-XX ғасырларды (1640-1914) қамтиды. Басты ерекшілігі: капитализмнің орнығуы мен дамуы. Осы кезеңде аграрлық өркениет бiртiндеп индустриялық өркениетке ауыса бастады. Индустриялық өркениет алғаш рет Еуропада дами бастады. XVII-XVIII ғасырлар Батыс Еуропаның индустриялы дәуiрге өтуiне дайындалған өтпелі кезең болды. Индустриялық өркениеттің отаны деп XVIII ғасырдағы Англияны санайды. Ерекшелiгi: адам өмiрiнiң жедел өзгеріп отыруы. Жаңа дәуірде Батыста өнеркәсiп төңкерiсiнiң нәтижесінде капиталистік

қатынастар алғаш рет пайда болып, дами бастады. Феодалдық қатынастар Шығыс елдерінде ұзақ уақыт бойы ыдырамай, берiк сақталып келді. Пролетариат – капиталисттiк қоғамда жалдамалы жұмысшы табы.

Секуляризация – дiни ықпалдан азат ету.

Революция қарсаңындағы Англия

■ XVII ғасырдын бiрiншi жартысында Англия аграрлық ел болды. Елдің басым бөлiгi ауылдық жерлерде тұрды. Лондон тұрғындарының саны 1534 жылдан 1660 жылға дейiн 8 есеге өсті. Елде реформалар жүргiзiлiп жер Джентрилер (орта дворяндар) мен мануфактура иелерінің қолына өтті. Жерден айырылған шаруалар күн көріс үшін қалаға кетiп жалдамалы жұмысшыға айналды. Елде өнеркәсіп дамып, қала буржуазиясы мен джентрилер арасында одақ қалыптаса бастады. Ағылшын қоғамында жұмысшы табы пайда болды. Елдегі әлеуметтік, саяси діни мәселелер шиеленісуі ағылшын

және революциясының негiзгi сипатына айналды. Кәсіпкерлер және ақсүйектер өз ақшаларын англикан шiркеуiнiң пайдасына жұмсағысы келмеді. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттар билiгiнен тазартуды жақтаушылар пуриттандар деп аталды. Оларды пресвитер (ақсақал) басқарды. Өз талаптарын қойып дiн

тәуелсiздiгiн қалады. Пуритан шiркеуiне мінәжат етушiлер: саудагерлер, қаржы иелері, джентрилер, еркін шаруалар болды. Пуритан шiркеуiне арнайы кеңес консистория бақылау жасады. Индепенденттер-дiн әлемінде еркіндік болуын жақтаушылар.

 

Революцияның себептері.

■ Стюарттар абсолютизмi мен феодалдық ескi тәртiптер ел экономикасы мен капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергiге айналды. I Яков (1603-1625), I Карл (1629-1640) абсолюттік саясат ұстанды.

ХVII ғасырдың 30-40 жылдары Англияда революциялық жағдай қалыптасты. 1628 жылы Парламент наразылық бiлдiрушiлердiң талаптары көрсетілген құжат – «Құкық жөнiндегi петиция» қабылдады. I Карл парламентті таратып, 11 жыл 1629-1640 жылдар Англияда  ЖЕКЕ-Дара билiгiн жүргiздi. Бiрақ король парламенттің рұқсатынсыз жаңа салықтар енгiзе алмады.

1639 жылы Шотландиямен соғыс басталып, I Карл парламентті шақыруға мәжбүр болды. Ол корольға жаңа салықтарды жинауға рұқсат бермегенi үшiн таратылып, 1640 жылы 13 сәуір мен 5 мамыр аралығында жұмыс істеген тарихқа «Қысқа парламент» деген атпен мамыр аралығында

■ 1640 жылы қарашадан бастап 1653 жыл аралығында Ұзақ парламент жұмыс iстедi. Буржуазиялық-ақсүйектер оппозициясының бағдарламасы екi құжатта: «Тамырлар мен бұтақтар туралы петиция» мен «Ұлы ремонстрациядан» өз көрiнiсiн тапты. 1641 жылы шiлдеде Жұлдызды палата қызметiн тоқтатты және 7 тамызында феодалдық ауыр салық – «кемелік қаржы» жойылды. Парламентпен күрестiң киын болатындығын түсiнген I Карл 1642 жылы қантарда солтүстiкке кетiп, сол жылы тамызда парламентке қарсы азамат соғыс жариялады. Елде корольдың парламентпен азамат соғысы басталды.

 

 

 

 

 

 

Азамат соғысы.

 

■ Бүкiл Англия екіге: парламенттi жақтаушыларға және феодалдық абсолюттiк кұрылысты жақтаушыларга бөлінді. Парламент жағында қала қолөнершілері мен саудагерлер, ерікті шаруалар, джентрилер бой көтерді. Корольды ақсүйек тектiлер, солтүстiктiң феодалдары мен дворяндары, дін

иелерi қолдады. Корольдың әскердi сәндi киiмдер мен парик кигендерi үшiн «кавалерлер» («салт аттылар») деп, парламенттi жақтаушыларды шаштарын дөңгелентіп алдырғандары үшiн «домалақ бастылар» деп атады.

Идепенденттер жетекшісі Оливер Кромвель (1599-1658) болды. Ол 1645 жылы 11 қантарда армия құру жөнiндегi актiге қол койды. Жаңа үлгiдегi армия 1645 жылы маусымда Нейзби түбiнде король әскерiн талқандады. I Карл солтүстiкке қашып, шотландтықтарға тұтқынға түсті. 1646 жылы 24 ақпанда

корольдiк меншiк жойылды.

Левеллерлер мен республиканың орнауы.

■ Революция халыктың демократиялық тобының үмiтiн ақтамады. 1646-1647 жылдарда Буржуазия арасында левеллерлер (тенестіру) саяси партиясы қалыптасты. Негізгі идеясы – адамдар тендiгi, қоғамдық келiсiм болды. Левеллерлер көшбасшылары Дж. Лильберн, У. Уолвин, Р. Овертон болган. Бұл партияның негізгі идеясы – адамдардың теңдiгi, қоғамдық келісім болды. Буржуазиялық революция кезінде жалпыға бірдей сайлау құкығын талап етті.

1647 жылы I Карл Шотландтарды көндiрiп, өз жақтастарын жинап 2-шi азамат соғысы басталды.

1648 жылы полковник Прайд жасаған мемлекеттік төңкеріс әйгілі «прайдтік тазарту» болды. Парламенттен корольмен ымыраға келгiсi келген депутаттар қуылды.

1649 жылы король дарға асылып, мамырда Англия республика деп жарияланды. Республика құрылғаннан кейiн соғыс пен дағдарыстарға байланысты халықтың жағдайы нашарлады.

1649 жылдың көктемiнде «Шынайы левеллерлер» немесе диггерлердің жаңа қозғалысы пайда болды. Халықтың кедей бөлiгi мүлiк теңдiгi, жерді қоғамдастыру, халықты қанауды тоқтату сияқты. Диггерлер басшысы Джерард Уинстонли болды.

 ■ 1649 жылы О.Кромвель «теміржондылар» деп аталған армиясын бастап, Ирландияны, 1650 жылы Шотландияны талқандады. 1653 жылы сәуiрде ұзақ парламенттi таратып, жаңа билік органы – Кiшi немесе Бэрбондық парламенттi тағайындады. 1653 жылы желтоқсанда Англияда «Баскару құралы» атты жаңа Конституция қабылданды. 1654 жылы Кромвель Англияның, Шотландияның және Ирландияның өмірлік лорд-протекторы болып тағайындалып, әскери диктатураға айналды. 1658 жылы Кромвель қайтыс болып, билiк оның ұлы Ричардка көшті. Халық наразылығына байланысты 1659 жылы Англияда республика екінші рет орнатылғанмен, ол реформа жасауға қабілетсiз болды.  Саяси режимнiң тұрақсыздығы, халық толқуларының өсуi монархиялық билiктi қалпына келтіруге итермеледi. Стюарттар билiгi қайта орнап, 1660 жылы Голландияның Бред қаласында эмиграцияда жүрген I Карл (1660-1685) король болды. Төңкерiске қатысушыларға рақымшылық жасау, дiн еркiндiгi мен жерді сату және тәркілеуді бекіту туралы декларация жариялады. Англияда қайтадан абсолюттiк монархия режiмi орнады. 1685 жылы билiкке iнiсi II Яков (1685-1688) келді.

 

■ Корольдың саясатына наразы оппозиция жетекшiлерi 1688 жылы Нидерланды үкiметiнiң басшылығына ұсыныс жасап, III Вильгельм Оранский Англияға оралып, «протестанттық еркiндiктi> қалпына келтiруiн сұрады. Англияға еніп 18 желтоқсанда Лондонды басып алды. 1689 жылы Англия королi болып, «Данқты революция» деген атауға ие болған қантөгiссiз мемлекеттік төңкерiс болды. Кұқықтар туралы билль құжаты енгiзiлдi. Англия парламенттік монархияға айналды. Король вето құқығы жоғалтты және ол елдi парламентпен бiрiгiп басқаруға тиiс болды. Ол парламенттiң рұқсатынсыз заң шығара алмады. Революцияның тарихи маңызы Англияда капитализмнiң дамуына жол ашып, абсолютизм жойылды.