ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ

§ 2. Бiрiншi дүниежүзілік соғыс

Шығу себебі мен мақсаты

■1882 жылы кұрылған «Үштiк одақ» пен 1907 жылы құрылган «Антанта»  одағы арасында қайшылықтар туындады. Негiзгi қайшылық Ұлыбритания мен Германия арасында болды.

Максаттары:

  • Англия мен Франция Германияның Африкадағы отарларына және Таяу Шығыстағы Осман империясының жерiн басып алуды көздеді.
  • Ресей патшасы Осман империясына, Балқандағы Герман ықпалының күшеюіне жол бермеу және Қара тенiз бұғаздарын, Галиция енiрi мен Неман езенiнiң бойындағы жердi өзiне қаратып алуды мақсат етті:
  • Австро-Венгрия империясы Сербияны басып алып, бүкiл Балқан түбегiне және Адриат теңiзiнде өз үстемдiгiн орнатуға тырысты;
  • Германия дуниежүзiн өзiнiң пайдасына қайта бөлісуді, Еуропа мен Таяу Шығыстың көптеген жерiн, Кырым мен Кавказды бағындырып алуды мақсат етті. Германия 15 жыл соғыс жоспарын әзірледі.

 

■1914-1918 жылы болған Бiрiншi дүниежүзілік соғыс Сербия үшін ұлт-азаттық күрес болды. Германияның бастауымен империалистік соғыс 1914 жылы 28 маусымда Австрия тағының мұрагері Франц-Фердинанд Сараевода өлтiрiлуiмен «Шілде дағдарысы» болды. Германиядан қолдау көрген Австро-Венгрия Сербияға ультиматум берiлдi.

1914 жылы 28 шiлдеде Австро-Венгрия Сербияға басып кiрдi:

1914 жылы 29 шілдеде Ресей ішінара мобилизация жариялады;

1914 жылы 1 тамызда Германия Ресейге:

1914 жылы 3 тамызда Германия Францияға;

1914 жылы 4 тамызда Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады.

 

1914-1916 жылдардағы соғыс қимылдары

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Еуропада екi майдан қалыптасты: Батыс (Бельгия және Францияда) және Шығыс (Ресейге қарсы) майданы. Германия Бельгия арқылы Францияға «Шлиффен» жоспарымен «Блицкриг» (қауырт соғыс) бойынша шабуыл жасады. Жоспар бойынша соғыс тез бiтуi керек едi, бiрақ 1914 жылы қыркүйекте немiстер тек Верденге дейін жеттi және Париж қаласының

маңына 40 км қалғанда тоқтады. Француз үкiметi Бордо қаласына көшті. 1914 жылы тамызда Орыс әскері Шығыс Германияға (Пруссия) басып кiрдi, бiрақ қосымша неміс әскерлерiнiң келiп қалуы, орыс әскерiнiң шегiнуiне тура келдi. Тамыздың соңында Жапония Германияға соғыс жариялап, Тынық мұхитында орналасқан Германия аралдары мен Қытайдағы отарларын басып алды. 1914 жылы қыркүйектегi ең iрi шайқас Марнада болды. Марна шайқасында екі жақтан 2 млн адам қатысып, автомобиль пайдаланды. 1914 жылы 9 қыркүйекте немістердің шабуылдауы бәсеңдеп, Париж қаласына төнген қауiп жойылды. 1914 жылдың соңында Солтүстік теңiзден Швейцарияға дейін созылған Батыс

майданы қалыптасты. 1914 жылгы соғыстардың Антантаның үстемдігі байқалды. 1915 жылдан бастап Италия Антанта одағына қосылды. Италия 1915 жылы Австро- Венгрияға, 1916 жылы тамызда Германияға соғыс жариялайды. Германия мен Австро-Венгрия басшылары Ресейге соққы бере отырып, бітім сұрауға мәжбүрледi. Ақпан-наурыз айларында неміс әскерлері Шығыс Пруссиядан орыс әскерлерiн ығыстырды.

1915 жылы 22 сәуірде немістер Ипра маңында Гаага конвенциясының шешiмдерiн жойып, химиялық қару қолданды (Иприт, баллондардан хлор шыгарылды). 15 мың адам газдан зардап шегіп, 5 мын адам қайтыс болды. 1915 жылы 2 мамырда Шығыс майданда немiстер 5 айлық шабуыл нәтижесiнде Ресейден Галиция, Буковина, Польша, Литва, Латвияны тартып алды. Антанта елдерi Мәрмәр теңiзi мен Дарданелла бұғазын басып алуға тырысып, 150 мың адамы оққа ұшып, кейiн шегiндi.

1915 жылы қазанда Болгария Антантаға қарсы соғыс жариялап, Төрттік Одақ кұрылды: Германия, Австро-Венгрия, Туркия, Болгария. Төрттік Одақ соғыс қимылдары 1916 жылы Батыс майданға ауысты.

1916 жылы ақпан-желтоқсанға дейiн Верденде шайқас болып, 2 млн снаряд жұмсалып, 1 млн адам қаза тапты («Верден қырғыны»). 1916 жылы Германияның шабуылын әлсiрету мақсатында немiстердiң күшiн бөлу үшiн Ресейде А.А.Брусилов бастаған армия 450 км-ге созылған майданда шабуылға

шықты. Австро-Венгрия әскерiн талқандап, Галиция мен Буковинаны қайтарып алды. 1916 жылы шілде-тамыз аралығында Сомма өзенінің бойында ағылшын-француз әскерi немiстерге соққы бердi. Осы шайкаста тұңғыш рет танк қолданды. 1916 жылы соғыста тағы да Антанта басымдық танытты.

■ 1916 жылдары Германияда 17-70 жасқа дейiн ер адамдарга жалпыға бірдей еңбек мiндеттiлiгi енгiзiлдi. Фабрика мен зауыттарда әйелдер мен балалардың еңбегін пайдаланды. Елдерде «Жойылсын соғыс!» ұранымен митингілер көбейді.

 

1917-1918 жылдардагы соғыс кимылдары

 

■Германия Ұлыбританияны сүңгуір қайықтармен  «су асты соғыстармен» тұншықтармақ болды. «Луизиана» жолаушылар кемесiн батыруы АҚШ-тың наразылығын тудырды. 1917 жылы 6 сәуірде АҚШ Германияға соғыс жариялады. 1918 жылы АҚШ Батыс Еуропаға 2 млн-нан астам әскер әкелдi.

■1918 жылы наурыз-шiлде айларындағы немiс шабуылдары сәтсiз болды. Англия мен Франция әскерлері АҚШ-тын әскери көмегіне сүйеніп, 1918 жылы тамыз айында Аррас маңында шабуылға шыққан Антанта әскерi немiстердiң 16 дивизиясын талқандап, iрi табысқа жетті.

1918 жылы қыркүйекте Болгария, 1918 жылы қазанда Осман мемлекетi уакытша бiтiмге, 1918 жылы 11 қарашада Компьен орманында Германия бiтiмге қол қойды.

 

Соғыс қорытындылары

 

Соғысқа 1,5 млрд халқы бар 38 мемлекет қатысты. 74 млн адам әскер қатарына шақырылды. 10 млн адам қаза тауып, 20 млн адам жараланды. Соғыс кесiрiнен туындаған революциялар кесірінен Романовтар, Габсбургтер, Гогенцоллерндер, Осман империялары құлады. Кеңес Одағы, Польша, Чехославакия, Югославия, Венгрия, Финляндия т.б. жаңа мемлекеттер бой көтерді.

 

Версаль-Вашингтон жүйесі

 

1919 жылы 18 қаңтарда Версаль сарайында Париж конференциясы басталды. Франция президенті Пуанкаре ашты. Конференцияның негiзгi Германиямен бiтiм шартын дайындау болды. Франция премьер-министрі Ж.Клемансо, Англия премьер-министрі Л.Джордж, АҚШ президенті В.Вильсон

қатысып, Германия, Кеңестiк Ресейдi қатыстырмады.

Франция делегациясы өзiнiң негiзгi қарсыласы – Германияны барынша әлсіретудi талап еттi. Германиядан Саар комір алабын және Рейннiн сол жағалауындағы немiс жерiн қосып алғысы келдi. Англия Германиямен теңіз сауда бақталасынан құтылып, Таяу Шығыстағы түріктердiң мұнай байлығын бөлісуде Франциямен келіспеушіліктер байқалды. Премьер-министр Ллойд Джордж Францияны бақталас ретінде санап, Германияны сақтап қалуды ұсынды.

 

Ұлттар Лигасын құру. Мандаттық жүйе

 АҚШ президенті В.Вильсон халықаралық бейбітшілік ұйым құру идеясын ұсынды. Ол «14 тармақ» бағдарламасын жасады. 1919 жылы Ұлттар Лигасы құрылып, ең жоғарғы органы – Ассамблея болды. Ұлттар Лигасының Жарғысына 44 ел қол қойды. Ұлттар Лигасының мiндетi – ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету. Тұрақты мүшелері – АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония мандат жүйесiн енгiздi. Мандаттық жүйе – халықаралық қамқорлықтың түрі. Мұны Осман империясынан қалған аумақтар мен герман отарларын басқару үшiн Ұлттар Лигасы енгізді.

 

 

 

 

 

Версаль бітім шартымен:

Германия тек 100 мың әскер ғана ұстауға рұқсат алып, Рейн аумағынан айырылып, Эльзас пен Лотарингияны Францияға берді. Саар облысын 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауында болды Германия жалпы территориясының 1/8 бөлігінен айырылды: Данциг (Гданск) еркiн қала дәрежесiне ие болды Познань, Пруссия, Померанияның бiр бөлiгiн Польшаға, Солтүстiк Шлезвиг Данияға,

Мемель (Клайпеда) Литваға Бельгияга Эйген, Мальмеди мен Морена округтерін берді. Германия соғыс шығынын орнына келтіру үшiн Репарациялық төлеудi жүктеді. Бiрнеше жылдың iшiнде 132 млрд марк көлемiнде төлеуге мiндеттелді. Әрбір жеңiлген тараппен жеке-жеке: Германиямен – Версаль (1919). Австриямен Сен-Жермен (1919), Болгариямен Нейи (1919). Венгриямен Трианон (1920).

Түркиямен -Севр (1920) бейбіт шарттар жасалды.

Англия Палестина, Трансиордания, Ирак, Танганиканы; Франция Сирия, Ливанды:

Жапония Мариан, Каролина, Маршал, Шаньдун, Бельгия Руанда-Урундиді алды.

Онтустік Африка одағы бұрынғы германдық Онтүстік-Батыс Африканы басқаруға

мандат алды. Англия мен Франция Того, Камерун жерлерi бөлiстi.

1919 жылы 28 маусым Германия Версаль бiтiмiне қол қойды. Бiрақ, АҚШ бітімге қол қоймайтындығын жариялады. Қытай Шаньдун провинциясын Жапондарға беруге қарсы болып, Версаль бiтiмшартын бекiтуден бас тартты.

 

1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясы

Жапония бiрiншi дүниежүзiлiк соғысты пайдаланып, Тынық мұхиттағы және Қиыр Шығыстағы билiгiн нығайтты. Жапония Мариан, Маршалл, Каролин аралдарын өзіне бекітіп алды. Қиыр Шығыстағы Англия мен АҚШ-ты ығыстыруды ойлаған Жапонияның iс-әрекетін АҚШ дұрыс емес деп танып, Вашингтон конференциясын  ұйымдастырды. Бұл конференцияға АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Португалия, Голландия, Қытай қатысып, тек шақырылмаған ел Ресей болды.

Шешім бойынша:

Төрт мемлекет шешiмi (Англия, АҚШ, Франция, Жапония) Тынық мұхитындағы иелiктерге қол сұғуға болмайды;

Бес мемлекет шешiмi (Англия, АҚШ, Франция, Жапония, Италия) 35000 т артық соғыс кемесiн жасауға болмайды; АҚШ-тың теңiз күштерi Англиямен теңестiрiлдi.

Тоғыз мемлекет шешiмi бойынша Қытайдың тәуелсiздiк пен егемендiгiн сыйлау қажеттiлiгiн қабылдады. Жапонияға Шаньдун аралын Қытайға қайтарып беруiн талап еттi.

Версаль-Вашингтон жүйесi 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс әсерiнен ыдырап кетті.

 

Еуропа және Америка елдері (1914-1939)