§ 7. Кеңес Одағы

Ресейдегі революциялар .

Ақпан төңкерiсi. 1917 жылы 23-27 ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революциясы әсерінен Романовтар әулетiнiң монархиясы құлады. Елде қос үкімет кадеттер мен октябристерден тұратын Уақытша үкімет және революциялық демократия өкiлдерiнен тұратын Жұмысшы депутаттар кеңесi кұрылды. Ақпан төңкерісінен кейін Ресейдiң жоғарғы органы Уақытша үкімет болды.

Көтерілісші солдаттар мен жұмысшыларды басқарған меньшевиктердің басшысы Родзянко мемлекеттiк думаны басып алса, Петроградтағы билiк солдат депутаттардың колына етті. Екі үкімет те Таврия сарайына жайғасты.

■1917 жылы наурызда әр жерде стихиялы түрде Кеңестер құрылып, эсерлер мен меньшевиктер басымдылыққа ие болды.

1917 жылы 2 шiлдеде (15) кадеттер буржуазиялық Уақытша үкіметтен шығып, Үкімет дағдарысы орын алды. 1917 жылы 8 (21) шiлдеде премьер-министр А.Ф.Керенский болды. В.И.Лениннің ұсынысы бойынша 1917 жылы 28 шілде мен 3 тамызда Петроград қаласында өткен РСДЖ (б) П VI сьезiнде социалистік революцияға бағыт алынды. 1917 жылы 24 шiлдеде екiншi коалициялық үкiмет құрылды. «Корнилов көтерілісі» басылғаннан кейiн уакытша үкімет Ресейдi республика жариялады:

Казан төңкерiсi. 1917 жылы 25 казанда большевиктер партиясы бастаған жұмысшылар мен солдаттар көтеріліске шығып, уақытша үкiметтi тұтқындап, жеңiске жеттi. Елде Кеңес үкiметiнiң кұрылғандығын жариялады. 1917 жылы желтоқсанда Кеңес өкіметі Финляндияның тәуелсіздігін мойындады. 15

желтоқсанда Кеңестік Ресей мен Германия арасында бiтiмге қол қойылды. Бір аптадан кейін Брест-Литовскіде Германия, Австрия-Венгрия, Түркия, Болгария өкiлдерiмен  кеңес делегациясының келіссөздері басталды.

1918 жылы 3 наурызда Кеңес үкiметi өзiне тиiмсiз Брест бiтiмiне қол қойды.

1920 жылы РКФСР үкіметі Эстония, Литва, Латвия елдерімен келiсiп, олардың дербестігін мойындады.

1918-1920 жылдары большевиктер басшыларының саясаты азамат соғысын тудырды.

 

Кеңес үкіметінiң алғашқы жарғылары

Елдегi атқарушы билікті большевиктер үкiметi – В.И.Ленин жетекшілік еткен Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) басқарды. Бітім туралы жарғы Ресейдiң соғыстан шыққандығын жариялады. Жер туралы жарғы бойынша шаруалардың жерге жекеменшік құқығы жойылды. 1918 жылы 3 (16) қаңтарда Бүкілресейлік орталық атқару комитеті (БОАК) Кеңестiк республикалардың конституциялық актісін

қабылдады. Жобасын В.И.Ленин жазды.

«Әскери коммунизм» саясаты

Кеңес үкіметінде 1918 жылдан 1921 жылдың басына дейінгі ішкі саясаты «әскери коммунизм» аталатын төтенше шараларды жүзеге асыру дәуiрi болды.

■1918 жылы көктемде саудада мемлекеттiк монополия енгiзiлдi. 1918 жылы 28 маусымда Кеңес үкіметі барлық iрi кәсiпорындарды жаппай мемлекет меншігіне айналдыру жөнінде Декрет қабылдап:

Фабрика-зауыттарды мемлекет меншiгiне айналдырды;

Азык-түлiк салығы азық-түлiк салғыртымен ауыстырылды:

Азық-түлік жасағы әскери коммунизм кезеңiндегi азық-түлік салғыртына орындаушы қарулы жасақ. Ол жұмысшылар, жауынгерлер, теңiзшiлерден тұрды. Күшпен алынған азық-түлiк үшiн құнсызданған ақша немесе түбiртек қағаз берілді:

Үкiметтiң бағасы базар бағасынан 40 есе төмен болды. «Әскери коммунизм» саясаты тауарлы-ақшалы қатынастардың жойылуына әкелді.

1918 жылдан бастап қанаушы топ өкiлдерi үшiн еңбек міндеткерлiгi, 1920 жылы жалпыға бірдей еңбек мiндеткерлiгi енгiзiлдi. 16-50 жас аралығындағы барлық азаматтар жұмыс істеуге мiндеттi болды.

Большевиктік партия «Азамат соғысы жылдарында революцияға қарсы шыққан басшыларды тұтқындау» (1917 ж.караша) және «Кызыл террор» заңдарына сүйенді.

Iшкi және сыртқы саясат

1920 жылы Эстония, Литва, Латвия, Финляндия елдерiмен жақындасып, Иран, Түркия, Ауғанстанмен достық қатынастар орнатылып, 1921 жылы ақпанда келіссөздер жүргiзiлдi және Ресей патша үкiметi кезiндегi қарыздарын кешiрiп, ерекше артықшылықтарынан бас тартты.

1921 жылы қарашада Кеңес үкіметі Монғолиямен достық катынас орнатып, Германия, Италия, Норвегия елдерiмен сауда байланыстарын орнатты.

■1919 жылы желтоқсанда ашылған Кеңестердiң Жалпыресейлiк VIII съезi жаппай электрлендiру жөнiндегi ГОЭЛРО жоспарын бекітті. В.И.Ленин 10-15 жылдық мерзiмдi қамтитын жоспарды партияның екiншi бағдарламасы деп сипаттады.

Жаңа экономикалық саясат

Орта шаруалардың қолдауына сүйенген кулактар Украинада, Тамбов облысында, Еділ мен Сібірде антикеңестік көтерілістер ұйымдастырды. Саяси дағдарыстың көрінісі 1921 жылғы Кронштадт көтерілісінен байқалды. Шешуші экономикалық өзгерiстер РК(б) П-ның Х сьезінде (1921 ж наурызда)

«әскери коммунизм» саясатынан бас тартып, жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшуге, салғытты салықпен 2 есе аз мөлшерде ауыстыруға шешім қабылдады.

Азық-түлік салығы – шаруа отбасыларынан жиналатын нақты бекітілген азық- түліктерден тұратын заттай салық.

Мiндеттер: барынша есепті шаруашылыққа көшiру, барлық салаларда азаматтың мәдениет деңгейін көтеру, бюрократизм және әміршіл-әкімшіл жүйемен күресу.

Мемлекет жекеменшік иелерiн еркiн дамуына рұқсат бермеді. Шаруалар артық өнiмдерiн қалаға сата алды, жеке шаруашылық құруға мүмкіншілік алды, жалдамалы жұмыс күшiн тарта алды.

1924 жылы Ақша реформалары жүргiзiлдi.

1923-28 жылдары ЖЭС әкімшіл-әміршіл жүйенiң қалыптасуынан дағдарысқа ұшырады. 1920 жылдың басында Норвегиямен сауда келiсiмдерiн жасап, Иран, Ауғанстан, Түркиямен достық қатынас орнатты.

 

КСРО-ның құрылуы

1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердiң Бүкілодақтық съезi Кеңес Социалистік Республикалар Одағының кұрылғандығын жариялады. КСРО құрамына 1922 жылы РКФСР, Украина, Белоруссия, Закавказье Федерациясы бiрiктi. Жоғарғы билік органы Кеңестердiң Бүкілодақтық сьезі, сьездер арасындағы кезеңде – Орталык Атқару Комитеті (ОАК) болды. Ол екi заң шығарушы палата – Одақ Кеңесi мен Ұлттар Кеңесi және бір басқарушы органнан – ОАК Президиумынан тұрды.

1924 жылы 31 кантарда КСРО конституциясы бекiтiлдi. 1936 жылы Қазақ, Кыргыз, Тәжік, Өзбек, Түрікмен республикалары қосылды.

Индустрияландыру саясаты

1925 жылы желтоқсанда БК(б) П-нын XIV съезi елдi индустрияландыру бағытын жариялады: 1926-28 жылдары үкiмет ескi завод фабрикаларды жөндеу мен жаңаларын соғу үшiн қаржыны 3 есе көбейтті;Қаржының 84%-ы игерілді:

Қысқа мерзiм iшiнде машина жасау, қорғаныс өнеркәсібі, химия ендiрiсi жаңадан құрылды:

ГОЭЛРО жоспары орындалып, Магнитка, Кузбасс, Днепрогэсс, Уралмаш, Хибин комбинаты мен Мәскеу, Горький автомобиль, авиация зауыттары мен Түрксіб темiржолы мен Үлкен Фергана каналы, Қарағанды көмiр алабы, Ембі мұнай кәсіпшілігі, Қарсақпай мыс корыту комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты iске қосылды; 1926 жылы Сталинградта трактор зауытының негiзi қаланды.

1929 жылы қала тұрғындарына азық-түлік тек арнайы талондармен ғана берілді.

Дүниежүзінде екінші 1930 жылы өнеркәсіптің даму жағынан КСРО Еуропада бірінші,

орынға шығып, аграрлы-индустриалды мемлекетке айналды.

 

Ауылшаруашылығын ұжымдастыру

БК(б) П-нын XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру міндетін алға қойды. Сталиннің 1929 жылғы 7 қарашадағы «Правда» газетінде «Ұлы бетбұрыс» деп аталатын мақаласынын шығуымен басталды.

■1928 жылы ұжымдастыруды тездету мақсатымен МТС-тер құрыла бастады Ұжымдастыру кезiнде бай кулактарды тап ретiнде жою iске асырылды. Халықтың жағдайы нашарлап, 700 мын адам наразылық көтеріліске шықты. 1932-1933 жылдары елде ашаршылық болды. 1937 жылы шаруалардың 93% ұжымшар қатарында болды.

Қоғамдық-саяси өмiр

■1920 жылдардың екiншi жартысынан бастап КСРО-да И.В.Сталиннiң жеке басқа табынуы белең алды. Партия мен кеңес органдары бiрiктi. 1932 жылы әдебиет пен өнерде социалистік реализм әдісі деген басшылыққа алу арқылы партия мен мемлекеттің саясатын мадақтау дәстүрге айналды.

■1936 жылы 5 желтоқсанда Кеңестердiң Жалпыодақтық VI төтенше съезi жаңа конституция қабылдап, Кеңестер Одағы жұмысшылар мен шарауалардың социалистік мемлекетi деп жариялап, одаққа 11 республика бiрiктi.

■1937-38 жылдары елде жаппай қуғын-сүргін белең алып, «халық  жауы» деген айып тағылды. Қызыл армияның ең жоғарғы шендi қолбасшылары қатарынан 5 маршал, 3 армия генералы, 401 полковник кiнәланып, жауапқа тартылды.

ГУЛАГ жуйесi. 1929 жылы 11 шiлдеде КСРО ХКК «Қылмыстық-тұтқындардың еңбегiн пайдалану туралы» қаулы шығарды. Ол бойынша 3 және одан көп жыл мерзiмге айыпталған тұтқындар БМСБ-ға берiлдi. 1930 жылы сәуірде лагерьлердiң бас басқармасы (ГУЛАГ) пайда болды. 1929 жылдың 1 шiлдесiнде тұткындар саны – 23 мын адам. 1930 жылы – 95 мын, 1931 жылы – 155 мын, 1934 жылы 1 қаңтарда 510 мың болды. 1921-1933 жж. КСРО мен Германия арасында жасырын келіссөздер жүргiзiлдi. 1927 жылы Ұлыбританиямен дипломатиялық қатынастар үзiлдi. КСРО 1930 жылы Маньчжоу-го үкiметiн таныды. 1934 жылы Ұлттар Лигасына мүше болып, 1939 жылы шығарылды.