§ 16. Екiншi дүниежүзілік соғыс

Германияның Польшаға шабуылы 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаға басып кіруімен соғыс басталды. Польшаға шабуыл жоспары 1939 жылы 11 сәуірінде дайындалды. Немістің 57 дивизиясына қарсы 33 поляк дивизиясы қарсы тұрды. КСРО 1939 жылы 17 қыркүйекте Польшаға басып кiрiп, Батыс Белоруссия  мен Батыс Украинаны алды. КСРО Фин үкiметiнен шекарасын Ленинградтан шегiндiруiн өтiнгенiмен, Финляндия орындаудан бас тартты. 1939 жылы 30 қарашада КСРО Финляндияға басып кірді. Ұлттар Лигасы КСРО-ны басқыншы деп айыптап мүшеліктен шығарды. 1940 жылы 12

наурызда кенес-фин келiсiмiмен Финляндия шекарасын Ленинградтан алыстатып, 4 территориясы КСРО-га еттi.

 

Оғаш соғыс

Батыста ағылшындар мен француздардың 115 дивизиясы қимылсыз тұрды. Мажино бекiнiсiн неміс шабуылынан қорғайды деп пайымдады.

1940 жылы 9 сәуірде немiстер Дання мен Норвегияны басып алды.

1940 жылы 10 мамырда Германия Францияға шабуыл бастады.

1940 жылы 10 мамырда Бельгия мен Голландияға басып кiрдi.

 

940 жылы 14 мамырда Голландия, 28 мамырда Бельгия каруын тастады. Ағылшын француз әскерлерi 400 мындай тобы Дюнкерк ауданында қоршауда калды.

1940 жылы 10 маусымда Франция басшылары Парижден Бордо қаласына көшiрiлдi.

1940 жылы 10 маусымда Италия Францияға соғыс жариялады.

1940 жылы 16 маусымда Францияның премьер-министр болып маршал Пэтен отырды.

1940 жылы 22 маусымда Компьен орманында Германия мен Франция, Франция-Италия

бiтiмге келдi. Оккупацияланбаған аймақ пен отарларды маршал Петэн үкiметi басқарды (Вишн қаласы). Генерал де Голль Виши үкiметiне қарсы шығып, «Азат Франция» қозғалысын ұйымдастырды.

 

Германия мен Италияның Англияға  қарсы соғыс әрекеттері

1940 жылы Гитлер Англияны жеңiлдi деп есептеп, оны келiсiмге шақырды. Англия оған көнбей жаяу әскер құрды. АҚШ бейтараптығын сақтап, Гитлердiң басқыншылығына жол бердi. Рузвельт үкiметi iрi қорғаныс шептері мен қарулануды күшейтті. АҚШ Англияға әскери көмек көрсетті. Англияға 1940 жылы наурыздан бастап АҚШ президенті Ф.Рузвельт басшылығымен конгресс Лэнд-лиз» (жалға қарызға беру) бастады. Үштік пактіге көп өтпей-ақ Германияның жаңа одақтастары Румыния, Венгрия,

Болгария, Испания, Финляндия пактіге қосылды. Батыс Еуропада тек үш мемлекет Швеция, Швейцария, Эйре (Ирландия) толық бейтараптығын сақтады.

1940 жылдан бастап соғыс қимылдары Шығыс және Солтүстік Африка аймағын қамтыды. Италия соғыс әрекеттерін Египетте орналаскан ағылшындарға қарсы бағыттады.

1940 жылы 14-16 маусымда КСРО Литва, Латвия, Эстонияга әскер кiргiзудi талап етіп, күшпен бағындырды. Германия 1941 жылы сәуірде Грекия мен Югославияға басып кірді.

 

Фашистік тәртіп пен қарсыласу қозғалысы

1941 жылдын жазында Германия мен Италия Еуропаның 12 мемлекетiн басып алды.

Басып алған елдерде «жаңа тәртiп» орнатылып, демократиялық қозғалыстарға, саяси партияларға тыйым салынды. Көптеген елдерде жаңа тәртіпке қарсы «қарсыласу қозғалысы» пайда болды. 1941 жылдың жазында Англияда Чехия, Польша, Бельгия, Голландия, Дания, Люксембург.

Грекия, Югославия, Латвия, Литва, Эстонияның эммигранттық үкіметтері болды.

 

Кенес Одағындагы Ұлы Отан соғысы

1940 жылдын 18 желтоқсанда бекітілген «Барбаросса» жоспары бойынша Гитлер КСРО-ға қарсы «Блицкриг» (қауырт соғыс) ашып, 8-10 аптада басып алуды көздедi. 1941 жылы 22 маусым күні Германия соғыс жарияламастан КСРО-ға басып кірді.

  1. КСРО-ға қарсы Румыния, Венгрия, Финляндия, Италия, Словакия, Хорватия да соғыс жариялады. Олардың қатары 190 дивизия (153 немiс), немістердің жалпы қарулы күштерiнiң 80%-ы қатысты.
  2. КСРО-ның бұл аймақта 170 дивизиясы болғанымен, соғыс алдындағы репрессия кесірінен 40 мыңнан астам командир мен саяси кызметкердiң қуғын-сүргінге ұшырауы армияның басшылық қызметiн әлсіретті. 1941 жылдың күзiнен қысына дейін Балтық жағалауын, Молдавия, Украина, Белоруссияны басып алып, Москваға қауiп төндiрдi.

1941 жылдын желтоқсанда Мәскеу түбiнде кеңес армиясы қарсы шабуылға шығып, герман армиясының тоқтатылуы Гитлердiң «Қауырт соғыс» жоспарының күлiн көкке ұшырды. «Тайфун» операциясының мәні: Мәскеудi басып алу.

1941 жылы кеңес-герман майданында iрi шайқастар болған жерлер: Мәскеу, Смоленск, Ленинград. Смоленск шайқасында тұнғыш рет қолданылған жер үстi реактивті қондырғы: «Катюша»

1942 жылы көктемде немiстер Шығыста шабуылға шығып, Хорьков, Кырым түбiнде Қызыл армияны талқандап, Сталинград пен Кавказдарға жақындады.

 

Антифашистік коалиция

1941 жылы 14 тамызда Ұлыбритания (Черчилль) мен АҚШ үкіметі (Рузвельт арасында Атлант хартиясын жариялады. КСРО бұл хартияны қолдайтындығын бiлдiрдi. 1941 жылы 11 желтоқсанда Италия мен Германия АҚШ-қа соғыс жариялады.

 

1942 жылы 1 қаңтарда 26 ел Анлант хартиясының принциптері мен мақсаттарына қосыла отырып, Біріккен Ұлттар Декларациясына қол қойды. Антигитлерлiк коалицияның басты міндеті Еуропада екiншi майдан ашып, соғысты жедел бітіру.

 

Соғыс барысындағы өзгеріс, Екiншi майдан

1942 жылдың желтоқсан мен 1943 жылы қаңтарда болған Сталинград шайқасында немістердің 100-ден астам дивизиясы талқандалды. 1942 жылы кеңес-герман майданында iрi шайқас болған жерлер: Сталинград, Қырым, Севастополь. Севастополь каласын 250 күн бойы қорғады. 1943 жылы жазда Курск доғасындағы шайкаста түбегейлі өзгеріс айқындалды

(«Цитадель операциясы»).

1942 жылы 23 казанда Генерал Монтгомери бастаған 8-ағылшын армиясы Солтүстiк Африкадағы әл-Аламейн ауданында Роммель бастаған бiрiккен Германия-Италия әскерiн жеңдi.

1942 жылы 8 карашада Солтүстік Африканың Марокко жане Алжир жағалауына АҚШ-тын десанттары түсiрiлiп, Италия-Германия әскери топтарын тiзе бүгуге мәжбүр еттi. 1943 жылы шiлдеде АҚШ, Англия армиясы Сицилия аралын басып алумен  Оңтүстік Италияны  тез басып алды. Еуропадағы  екінші майдан  Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерiн фашизмнен азат етуге бағытталды.

1943 жылы У. Черчилль, Ф.Рузвельт, И.Сталин Тегеранда бас қосты.

1944 жылдын басынан кеңес армиясы жаппай шабуылға шығып, өз аумағын тазартып, күзге карай Румыния, Польша, Чехоловакия, Югославия, Венгрияны азат етуге қатысты.

Ағылшын-американ әскерлерi 1944 жылы Францияның солтүстік жағалауын («Оверлорд операциясы») және оңтүстіктегі Марсель аудандарына екi десанттық операция жүргiздi. 1944 жылы ағылшын-американ шабуылы барысында Франция, Голландия, Бельгия, Орталык Италия азат етiлдi. 1945 жылдың басында фашистік блок толығымен қирады. 1945 жылы 13 сәуірде Кеңес әскерлері Вена қаласына кiрдi.

1945 жылы 24 сәуірде Берлин қоршалды.

 

Германияның тiзе бүгуi

1945 жылы ақпанда Қырым конференциясына сәйкес Германия аумағы Кеңестік, Америкалық, Ағылшындық және Француздық төрт басып алу аймағына бөлінді. 1945 жылы 30 сәуірде Гитлер өзiн-өзi атып өлтiрдi. 1945 жылы 7 мамырда одақтас әскерінің бас қолбасшысы генерал Эйзенхауэр Реймсте Германияның тізе бүгуiнiң алғашқы шарттары жасалды. 1945 жылы 8 мамырда Берлинде маршал Г.Жуковтың төрағалығымен фашистік Германияның сөзсiз тiзе бүгуi актiсiне қол қойылды.

1945 жылы шiлде, тамыз айларында Потсдам конференциясы (КСРО, АҚШ, Ұлыбритания өкімет басшылары) Германияға қатысты одақтастар саясатының қандасын жасады.

 

Жапонияның тізе бүгуі

1944 жылы қазанда Лейтеде 4 кунге созылған теңіз шайқасында 300-ге жуық әскери кеме қатысып, Жапония флоты талқандалды. 1945 жылдың жазында одақтастар Филиппин мен Бирманын бiрқатар бөлігінен жапондарды қуып шығып, Индонезияны азат етті. Америка ұшақтары жапон қаласы 1945 жылы 6 тамызда Хиросимаға, 9 тамызда Нагасакиге атом бомбасын тастады.

1945 жылы 9 тамызда КСРО Жапонияға соғыс ашып, Қытай мен Корея елдерiнiң бiр бөлiгiн, Сахалиннің оңтүстігін, Куриль аралдарын азат етті. 1945 жылы 2 қыркүйекте АҚШ-тын «Миссури» атты кемесiнде Жапония сөзсiз тiзе бүгу актiсiне қол қойды.